Читать статью на русском языке

Қор нарығындағы дағдарыстар кезінде, танымал адамдардың ақылды инвестициялық кеңестерін қайта оқып шығу пайдалы болады. Олар, шығыстарды бақылауға, ұсақ-түйек шығындар мен импульсивті әрекеттерді жасамауға және қаржы нарықтарындағы күнделікті "шуылға" назар аудармауға кеңес береді.

Төменде, ақшаны қалай басқару керектігін жақсы түсінуге көмектесетін, танымал инвесторлардың, ғалымдар мен кәсіпкерлердің 10 сөзі:

1. Кішігірім шығындардан сақ болыңыз: кішкентай ағын үлкен кемені суға батырады.

- Бенджамин Франклин, американдық саясаткер және дипломат.

8 жылдан берi фейсбукте қақсап жүрген сөзім – шағын шығындар сіздің табыстарыңыздың көп бөлігін "жейді". Қор нарығында да,дәл солай. Сондықтан, бүгінгі таңда инвесторлардың көпшілігі, орташа есеппен алғанда 0,45% қызмет ақысын алатын биржалық индекстік қорларға (ETF) инвестиция салуды жөн көреді.

2. Менің салымдарымдарымның басым көпшілігі акциялардың индекстік қорларында.

- Уильям Шарп, американдық экономист және экономика саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты

Таңқаларлық ештеңе жоқ. Уильям Шарп - әйгілі американдық экономист, Нобель сыйлығының лауреаты. Көптеген әйгілі әріптестері сияқты, Шарп қысқа мерзімді көрсеткіштер туралы ойламауды жөн көреді, ал керiсiнше, ұзақ мерзімді трендтерге назар аударады.Сондықтан, алыпсатарлықтан гөрі, ұзақ мерзімді көкжиекте көп табыс әкелетін ұзақ мерзімді инвестицияларды насихаттайды.

3. Егер сіз қор нарығында 20% жоғалтуды елестете алмасаңыз, акцияларға инвестиция салудың қажеті жоқ.

- Джон (Джек) Богл, американдық кәсіпкер және инвестор, The Vanguard Group негізін қалаушысы

Әлемдегi алғаш индекстік қордың негізін қалаушысы Джон Богл, инвестор болу үшін нарықтардағы ауытқуларды философиялық тұрғыдан қарау керек, деп санайтын,марқұм. Акциялар бағасы, кейде күрт төмендеуіне дайын болу керек, сіз осы кезеңдерді шыдамдылықпен күтуіңіз керек.

4. Өзіңіздің иелігіңіздегiні біліңіз және неге оны иелік ететініңізді біліңіз.

- Питер Линч, американдық қаржыгер және инвестор, Magellan Fidelity инвестициялық қордың басқарушысы.

Біз, жылдам байып кетудi армандаймыз, оңай олжа болсын, ұтыс лотерея, немесе алып-сатудан тиетін олжа, тәуекелді акцияларды сатып алғанда бағасы, біздің ойымызша, шарықтайды деп ойлаймыз. Қаржы нарықтарында, біз инвестиция салатын құралдың мәнін әрдайым біле бермейміз. Бiрақ қаржы нарығы олай жұмыс істемейді. Нарықта, сауатты болмасақ, бiреуге жем боламыз.

5. Басқалар ашкөз болған кезде, абай болыңыз, және керiсiнше, басқалар қорқыныш сезінгенде, ашкөз болыңыз.

- Уоррен Баффетт, кәсіпкер және инвестор.

Баффет контрциклді жәнеқұндықа негiзделген инвестицияларды ұсынады. Бірақ, бұл барлық инвесторларға қолайлы емес. Эмоциялар "құлдырау" кезінде инвестордың ең қауіпті жауына айналуы мүмкін. Зерттеулер көрсеткендей, адамдардың ұтымдылығы шектеулі және олар көбінесе қиялдағы қорқыныш пен иллюзиялық азғыруларға барады: ашкөздікпен сатып алып, қорқынышпен сатады. Осылайша, ойланбаған хаотикалық сатып алу мен қағаздарды сатудың арқасында инвестициялық портфель сіздің бастапқы қаржылық мақсатыңызға сәйкес келмейтін және оны жүзеге асыруға әкелмейтін активтерге толы болады. Сонымен қатар, бұл мінез-құлықты бұрмалауды көбінесе "болжам"бере отырып, жосықсыз қаржы кеңесшілері қолданады. Өзіңіздің эмоцияларыңыздың құрбаны болуға жол бермеңіз және табын сезімінің әсеріне ұшырамаңыз.

6. Ұзақ мерзімді перспективада қор нарығындағы жаңалықтар жақсы болады.

- Уоррен Баффет, оның керемет дәйексөздерi өте көп

Егер сіз ұзақ мерзімді инвестициялық стратегияны ұстансаңыз, онда сіз сөзсіз, ұзақ мерзімді көкжиекте, нарықтағы көптеген дағдарыстарға душар боласыз. Негізгі ереже — үрейленбеу және портфель құрамын өзгертпеу, өйткені ұзақ мерзімде өсетін активтерді сату және қоқыс активтерін сатып алу ықтималдылығы өте жоғары. Қор нарығындағы ХХ ғасырда екі дүниежүзілік соғысты, ұлы депрессияны, көптеген құлдырау мен қаржылық дағдарыстарды, мұнай нарығындағы күйзелістерді бастан өткеріп аман-сау жұмыс істеуде. Адамзат прогрессi тоқтамағанша, жұмыс істейді,себебі адамдар сауда жасауы керек.

7. Ақымақтар, ерте ме, кеш пе, ақшаларымен қоштасады. Өкінішке орай, ақшаларымен,шамадан тыс оптимизмге бой алдыргадармен, өз-өздерін ерекше "қаржылық түйсігім" бар дегенге сенгендер де, қоштасады.

- Джон Кеннет Гельбрейт, американдық экономист

Экономистер, адамдардың қор нарығында не болатынын болжай алмайтынын баяғыда дәлелдеді. Бұл ереже, тәжірибелі, білікті инвесторларға да тән нәрсе: орташа есеппен алғанда, нарық, қандайда бір уақытта, нақты күні немесе жылда, қайда баратынын болжау, мүмкін емес. Қаржы газетінің беттеріне дартс лақтыратын маймылдың инвестициялық болжамы, қаржы кеңесшілерінің болжамдарынан гөрі жаман, немесе жақсы емес екендігiн дәлелдейтін талай зерттеу жүргізілді.

8. Ақшаны сақтау – кедей және орташа адам үшін жақсы кеңес болар. Байлықты құру үшін – ол жаман кеңес. Қаражат ағынын беретін нәрсе – ол тек инвестиция.

- Роберт Кийосаки, американдық бизнесмен, инвестор және өзін-өзі дамыту мен мотивацияландыру туралы бірқатар кітаптардың авторы

Қазіргі әлемде кез-келген валюта инфляцияға ұшырайды. Ақша өз құнын тек инвестицияда сақтайды. Ақшаны сақтай отырып, бірақ инвестицияламайтын адамдар, ақшаның құнсыздану қаупін, өз бастарына100%тәуекел алады.

9. Ақша жұмыс істей алады және жұмыс істуi керек.

- Джон Рокфеллер, американдық кәсіпкер және адамзат тарихындағы алғашқы ресми долларлық миллиардер

Әлемдегі алғашқы долларлық миллиардердің бұл дәйексөзі алдыңғы ойды жалғастырады: ақша "жастықтың астында" жатпауы керек. Олар уақыт өте келе құнсызданады және сіз олар үшін қалаған нәрсені сатып ала алмайсыз. Ақшаны кейінге қалдыру және оны қор нарығындағы дұрыс қаржы құралдарына инвестициялау арқылы ғана сіз қосымша табыс таба аласыз, өйткені ақша сіз үшін жұмыс істей бастайды. Сонымен қатар, ұзақ мерзімді перспективада ойлауды үйрену керек, атап айтқанда зейнетке шығу туралы алдын-ала ойлану керек.

10. Байлыққа апаратын жол, тек пассивті кіріс арқылы болады.

- Джон Рокфеллер, көп сөйлемейтiн адам едi

Ақылға қонымды инвестициялардың мәні — "Сатып ал және Ұста" (buy-and-hold) қағидаты бойынша инвестициялаудың пассивті стратегиясын таңдай отырып, сіз өлшемге жататын инвестиция жасай аласыз, мақсаттарынызды жоспарлай аласыз, оларды іске асыру үшін қажетті салымдар көкжиегін айқындай аласыз және теңгерімді (әртараптандырылған) инвестициялық портфельді жинай аласыз. Мұндай портфельде міндетті түрде дамыған және дамушы елдердің акциялары, корпоративтік облигациялар, АҚШ мемлекеттік облигациялары (әлемдегі ең сенімді құралдардың бірі) және бағалы металдар болады.

Инвестицияларға дұрыс көзқарас қалыптастырыңыз.

Білім-күш.

Жеке қаражаттарыңызды сауатты басқарыңыз!


10 полезных цитат для частного инвестора

Во время кризисов на фондовом рынке будет полезно перечитать умные инвестиционные советы известных людей. Они советуют следить за расходами, не совершать мелких трат и импульсивных действий и не обращать внимания на ежедневный "шум" на финансовых рынках.

Ниже приведены 10 цитат известных инвесторов, ученых и предпринимателей, которые помогут вам лучше понять, как управлять деньгами:

1. Остерегайтесь небольших потерь: маленький течь потопит большой корабль.

- Бенджамин Франклин, американский политик и дипломат.

За 8 лет на Фейсбуке, наверное, я читателям оскомину набил, что небольшие расходы "съедают" большую часть ваших доходов. То же самое и на фондовом рынке. Поэтому сегодня большинство инвесторов предпочитают инвестировать в биржевые индексные фонды (ETF), которые с средними издержками 0,45% за управление.

2. Подавляющее большинство моих вкладов находится в индексных фондах акций.

- Уильям Шарп, американский экономист и лауреат Нобелевской премии по экономике

Нет ничего удивительно. Уильям Шарп – известный американский экономист, лауреат Нобелевской премии. Как и многие его известные коллеги, Шарп предпочитает не думать о краткосрочных показателях, а, наоборот, ориентироваться на долгосрочные тренды. Поэтому он пропагандирует долгосрочные инвестиции, которые приносят больше дохода на долгосрочном горизонте, чем спекуляция.

3. Если вы не можете себе представить потерю 20% на фондовом рынке, вам не нужно инвестировать в акции.

- Джон (Джек) Богл, американский предприниматель и инвестор, основатель The Vanguard Group

Джон Богл, основатель первого в мире индексного фонда, считает, что для того, чтобы стать инвестором, необходимо философски отнестись к колебаниям на рынках. Стоит быть готовым к тому, что цены на акции колеблются, а иногда и к резким падениям, придется терпеливо переждать эти этапы.

4. Знайте, чем вы владеете и почему вы владеете этим.

- Питер Линч, американский финансист и инвестор, управляющий инвестиционным фондом Magellan Fidelity.

Мы мечтаем быстро разбогатеть, будь то легкая добыча, выигрышная лотерея, или гигантская добыча, при покупке рискованных акций мы думаем, что цена, на наш взгляд, взлетит. На финансовых рынках мы не всегда знаем суть инструмента, в который мы инвестируем. Но финансовый рынок так не работает. На рынке, если не будем грамотными, будем кому-то наживаться.

5.Будьте осторожны, когда другие жадны, и наоборот, будьте жадны, когда другие испытывают страх.

- Уоррен Баффетт, предприниматель и инвестор.

Баффет предлагает контрциклические и стоимостные инвестиции. Но это подходит не всем инвесторам. Эмоции могут стать самым опасным врагом инвестора во время "спада". Исследования показывают, что рациональность людей ограничена, и они часто прибегают к мнимым страхам и иллюзорным соблазнам: покупают с жадностью и продают со страхом. Таким образом, благодаря необдуманной хаотичной покупке и продаже бумаг, инвестиционный портфель будет наполнен активами, которые не соответствуют вашей первоначальной финансовой цели и не приведут к ее реализации. Кроме того, искажение этого поведения часто используется недобросовестными финансовыми консультантами, предоставляя "прогнозы". Не позволяйте себе стать жертвой собственных эмоций и не поддавайтесь влиянию стадных чувств.

6.в долгосрочной перспективе новости на фондовом рынке будут хорошими.

- Уоррен Баффет, у него очень много замечательных цитат

Если вы придерживаетесь долгосрочной инвестиционной стратегии, вы неизбежно столкнетесь с многочисленными кризисами на рынке, на долгосрочном горизонте. Главное правило-не паниковать и не менять состав портфеля, так как вероятность продажи активов, которые растут в долгосрочной перспективе, и покупки мусорных активов очень высока. Фондовый рынок благополучно работает в ХХ веке, пережив две мировые войны, Великую депрессию, многочисленные спады и финансовые кризисы, потрясения на нефтяном рынке. Пока прогресс человечества не остановится, он будет работать, потому что люди должны торговать.

7. дураки, рано или поздно, распрощаются со своими деньгами. К сожалению, с деньгами, поддавшись излишнему оптимизму, прощаются и те, кто верит в то, что у них есть особая "финансовая интуиция".

- Джон Кеннет Гельбрейт, американский экономист

Экономисты давно доказали, что люди не могут предсказать, что произойдет на фондовом рынке. Это правило характерно и для опытных, квалифицированных инвесторов: в среднем рынок, в какой-то момент, в конкретную дату или год, предсказать, куда он пойдет, невозможно. Было проведено множество исследований, доказывающих, что инвестиционный прогноз обезьяны, бросающей дартс на страницы Финансовой газеты, хуже или лучше, чем прогнозы финансовых консультантов.

8.хранение денег – хороший совет для бедного и среднего человека. Для создания богатства-это плохой совет. То, что дает приток средств, - это только инвестиции.

- Роберт Кийосаки, американский бизнесмен, инвестор и автор ряда книг о саморазвитии и мотивации

В современном мире любая валюта подвержена инфляции. Деньги сохраняют свою стоимость только в инвестициях. Люди, которые хранят деньги, но не инвестируют, рискуют обесценить деньги, рискуют 100% на свою голову.

9. Деньги могут и должны работать.

- Джон Рокфеллер, американский предприниматель и первый в истории человечества официальный долларовый миллиардер

Эта цитата первого в мире долларового миллиардера продолжает предыдущую мысль: Деньги не должны лежать "под подушкой". Они обесцениваются со временем, и вы не можете купить то, что вы хотите для них. Только откладывая деньги и инвестируя их в правильные финансовые инструменты на фондовом рынке, вы можете получить дополнительный доход, потому что деньги начнут работать на вас. Кроме того, вы должны научиться думать в долгосрочной перспективе, а именно заранее думать о выходе на пенсию.

10. путь к богатству, только через пассивный доход.

- Джон Рокфеллер, был человеком, который не говорил слишком много

Суть разумных инвестиций в том, что, выбирая пассивную стратегию инвестирования по принципу" купи и держи " (buy-and-hold), вы можете инвестировать, относящиеся к критерию, планировать свои цели, определять горизонты вложений, необходимые для их реализации, и собирать сбалансированный (диверсифицированный) инвестиционный портфель. В таком портфеле обязательно будут акции развитых и развивающихся стран, корпоративные облигации, государственные облигации США (один из самых надежных инструментов в мире) и драгоценные металлы.

Сформируйте правильный подход к инвестициям.

Знание-сила.

Грамотно управляйте своими личными средствами!